17
июнь
2019
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла соңғы соңғы қоңырау
«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау»
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін міне қызығы мен қиыншылығы мол әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі , оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын соңғы салтанаты.
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар! Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл- қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп алтын ұя мектептерімен қоштасқалы отыр. Бұл күн - мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық!
1-жүргізуші:Құрметті қонақтар! 2018-2019 оқу жылының соңғы қоңырау яғни «Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау»атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа, Қош келдің, айналайын, халқым менің!
1-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
2-жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл. эҚоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар! (Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады) Алдарыңызда 9 сынып оқушылары. Төлеген Нұрсана, Байжігіт Әли, Жарылқасын Нұрдәулет . Сынып жетекшісі Орынбаева Майра Абдрахманқызы .
1-жүргізуші. Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар. Егемен Қазақстанның туына қарап сап түзеңдер. (Болашақтың 2 оқушысы туды көтереді).
2-жүргізуші.
Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де,ерлік,өрлік,өнерде .
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге.
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған. Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.
1-жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз, Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. Сөз берелік құрметпен өзіңізге, Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Оспанов Жаңабек Төлегенұлына беріледі.
1-жүргізуші:Жарылқасын Нұрдаулеттің орындауында «Туған ел» әні
2-жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп, құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.Есенгелді Асылай,Иманалиева Анель.Сынып жетекшісі жас маман Тілектес Ақерке.
1-жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай Айбас Балаусаны «Мерекем»әнімен қабыл алыңыздар
2-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарға беріледі.Оспанов Төлеген ата,Оспанов Жаңабек,Дуйсенбекова Ментай,Еспенбетов Көшер,Асанова Нағима,Искаков Жәлел,Оспанова Айнур.
1-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәңгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып –деп, түлектердің алғашқы ұстазы Тойшыбекова Мақпал Төлеуханқызына сөз беріледі
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Тоғыз жыл сыныбы үшін жанын салған,
түлектердің сынып жетекшісі Орынбаева Майра Абдрахманқызына және Керимбаева Зауре Жарасқызына сөз беріледі.
2-жүргізуші: Арман Дүйсеновтің әні: «Ұстазым » Ор:Байжігіт Әли
1-жүргізуші: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында. Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз. «9-сынып тілектері,тақпақтары,әндері»
«Мектебім» әні Төлеген Нұрсананың орындауында
2-жүргізуші:
Әркімді әр сұрақ жетелеп
Жолдарға салады әр тарау
Есіңде мәңгі қалар тек
Аспанда желбіреп көк жалау
Мектеп туын тапсыру салтанаты
Туды тапсырушы:Байжігіт Әли Т
Туды қабылдаушы:Есенгелді Сағи
2-жүргізуші:
Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 9-дың алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп, білімнің алтын кілтін бітіруші түлек, Төлеген Нұрсана 8-сынып оқушысы Айтбек Сейтбекке тапсырады. (Музыка әуенімен)
2-жүргізуші:Сап түзелсін,салтанатты жиыннан Қазақстан Республикасының Туы әкетілсін!
1-жүргізуші:
Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің
2-жүргізуші: Соңғы қоңырау. Қымбатты мектеп бітіруші түлектер! Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау. 1-жүргізуші:. Соңғы қоңырау соғу салтанаты 9 сынып оқушысы Жарылқасын Нұрдаулет пен 1-сынып оқушысы Есенгелді Асылайға тапсырылады.
/Қоңырау соғылады, дүр - дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп тұрады/
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау. «Соңғы қоңырау» әні Төлеген Нұрсана
2-Жүргізуші:
Бұл соңғы қоңырау үні...
Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау, Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.
1-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,Мемлекеттік емтиханды табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
2-жүргізуші: Осымен 2018-2019 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар»