Соңғы қоңырау » ОШ Талас
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Талас негізгі мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Соңғы қоңырау
17
июнь
2019

Соңғы қоңырау

Бастауышым –балбұлағым.

(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің сценарийі).

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Қош келіпсіздер , құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар, енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сынып сатысынан орта буынға ұшқалы тұр.

Бесіктегі баланың күлгенін көрген бір мұрат,

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат,-

дегендей, бұл да бір қуанышты күн. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Ендеше осы шәкірттерімізді ортаға шақырайық. (Музыканың әуенімен балалар вальс билеп ортаға шығады).

Мұғалім: Той бүгін- кең сарайда шалқып тасқан,

Той бүгін – жұрт жиналып шашу шашқан,

Той бүгін- шат өмірді күйге бөлеп,

Би билеп, асқақтатып, әнге қосқан.

Бұл тойда жан табылмас тасымаған,

Ақ сәуле әрбір тұстан шашыраған,

Жұпарлы гүлге оранған осы тойдың

Иелері- аяулы шәкірттерім- ұл-қыздарым!

1-оқушы: Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

2-оқушы: Қош келдіңіздер, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамған,

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.

3-оқушы: Шаттанамын ,бүгін мен шаттанамын,

Ғылым сырын түсініп мақтанамын,

Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым –ай,

Түстей болып, міне, бүгін артта қалдың.

4-оқушы: Қоштасу тойы басталды,

Ән мен биге бастайық,

Өнерімізді көрсетіп,

Әнмен шашу шашайық.

5-оқушы: Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарқын шырағы,

Тұрағы өзің мектебім

Шәкірттің асыл қырағы.

6-оқушы: Өнерге ошақ тәрбиең

Бір сенен қуат аламын,

Жарылқашы, тәңір ием

Таудай ғой менің талабым.

7-оқушы: Мектебім- менің бапкерім.

Қарызбыз саған бәріміз,

Өзіңе деген парызды

Ақтармыз талай әлі біз.

8-оқушы: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,

Өз қолыммен Әліппені алғаным,

Санай ашып Әліппенің парағын,

Әріптерге үнсіз, ұзақ қарадым.

9-оқушы: Тастаттың да үйге еркелік, ойынды

Мектеп-ана биіктеттің бойымды,

Икемі жоқ қолға қалам ұстатып,

Түзеткенсің жолымды да, бойымды.

Мектеп-ана, ұстаз-пана екенін,

Сенен ұққан, алтын бесік мекенім,

Сол пейілді көрмегенде ешкімнен,

Түсінемін ұлылықтың не екенін.

Жылылықтың сиясы бар сөзінде,

Ұлылықтың ұясы бар көзінде,

Ойын қуған еркелерден ой іздеп,

Тентектігін алып қалған өзіңде.

10-оқушы: Арманым сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің,

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.



«Мектебім менің» әні.








Мұғалім: Ғалым да, батыр да, ақын да, диқан да, көк күмбезін шарлаған ғарышкер де, ақ халатты абзал жан дәрігер де, мал баққан шопан да бәрә-бәрі ұстаздан тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адамзат құрметпен бас иеді.
«Ұстазым»әні.




«Соңғы қоңырау» әні.

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен балаларға тілек айтар қонақтар- деп, келесі сөзді қонақтарымызға береміз.

Сөз кезегін мектеп директоры Ж.Оспановқа береміз

оқу-ісінің меңгерушісі Н.Байтоковқа сөз.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Батырбаевқа.
Родителям сөз.

Преподавателиге сөз.



Школьникам, ата-аналарға марапат қағаздарын тапсыру.





Мұғалім: Бастауыш сынып білімі- бар білімніңи іргетасы, тірегі. Ендеше осы алған білімдеріңді пайдаға асырып, үлкен табыстарға жетіңдер. Тәуелсіз еліміздің тірегі боп өсіңдер дей отырып, мына өлең жолдарын сендерге арнаймын:

Балғындар, құтты болсын қадамдарың,

Жарқын болсын білімдегі болашағың.

Аттағалы тұрсыңдар бүгіндері,

Білімнің екінші бір баспалдағын.

4 жыл да міне, теп-тез өткерді,

Білім жолда өтті талай өткелді,

«Әліппені», «Ана тілін» үйреткен,

Ұстазбенен қоштасатын сәт келді.

Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғаңдар,

Білім жолы сара жол,

Ізденіңдер талмаңдар.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! «Бастауышым-балбұлағым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып, тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.


Похожие публикации:

15 октябрь 2018 Ұстаздар күні
15 октябрь 2018 Ұстаздар күні
15 октябрь 2018 алғашқы қоңырау
02 апрель 2018 жоқ