24
февраль
2022
Жігіт сұлтаны - 2022
Тақырыбы: Жігіт сұлтаны
Мақсаты: 1-жүргізуші:Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғалық.
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша кдомтартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті Жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті Жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер Жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.
2-жүргізуші:
Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда Жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.
Олай болса Жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз Талас негізгі мектебіндегі мектепішілік «Жігіт сұлтаны» байқауына жиналып отырмыз. Байқауымызды ашық деп жариялап, Жігіттерімізді ортаға шақырамыз.
1-ж
Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
Бітіруші сыныптың ер Жігіті,
Шақырайық ортамызға Әділ ұлды -
9-сынып оқушысы Шапантай Әділ
2-ж
Спортпенен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Қараңыздар Қайсар ұлды ортада
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан -
8-сынып оқушысы Айбас Қайсар
1-ж
Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерменен тамсандырған адамды
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Бекжан атты Жігіт болған сабазды -
7-сынып оқушысы Айтбек Бекжан
2-ж
Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тыңдау бар ойында.
Қуанышұлы Әкімдей Жігітті,
Шақыралық қошеметпен ортаға -
6-сынып оқушысы Айнабек Әкім
1-ж
Жанына нұр дарыған жыр дарыған
Дария ой даналардан бата алған
Айнымас алмас қылыш атанған
Асылмұрат атты ер жігітті
Шақырайық қошеметпен ортаға
5- сынып оқушысы Есенгелді Асылмұрат
Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерменен тамсандырған адамды
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Нұрали атты жігіт болған сарбазды 3- сынып оқушысы Амангелді Нұрали
2-ж
Келесі сөз кезегі Мектеп директоры Оспанов Жаңабек ағайға беріледі.
1-ж
Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсем:
«Таныстырсам өзімді» - таныстыру
«Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету
«Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу
Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымдарының шеберлігі
«Сұрақ-жауап» - салт-дәстүрге байланысты
2-ж
Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1 Педагог-психолог Адилбеков Ақниет
2 Орыс тілі пәні мұғалімі Тұрмаханбетова Дания
3 Ағылшын пәні мұғалімі Есалиева Үміт
1-ж
І. Кезен Таныстыру: Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың І-ші кезеңі «Таныстырсам өзімді» - деп аталады. Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз.
2-ші, 3-ші, 4-ші. 5-ші
Әділ қазылар алқасы «Таныстырсам өзімді» шартының бағасын берсеңіздер.
2-ж
ІІ.Кезең Өз өнері: «Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды Жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Қазақта Жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем Жігіт» - ел басқаратын Жігіт,
«Шешен Жігіт» - дау шешетін Жігіт,
«Батыр Жігіт» - еліне қамқор Жігіт,
«Сері Жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете кдомтартатын өнерлі Жігіт. Олай болса сері Жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.
Келесі шартымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Бұл шартта Жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға 1-ші талапкерімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші.5-ші
Әділ қазылар алқасы «Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» шартының бағасын берсеңіздер.
1-ж
3. Кезең мергендер сайысы:
Би болатын Жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар Жігіттің,
Мергендік болар жұмысы – дегендей ендігі кезекті Жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз. Ортаға 1-ші номерлі Жігітімізді шақырамыз.
2-ші, 3-ші, 4-ші.
Әділ қазы алқасы «Құралайды көзге атқан» шартының бағасын берсеңіздер.
2-ж
4. Қол өнер:Жігіттің көркі өнері,
Талап – кісі мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы.
Өнердің қадірін білген, бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті бүгінгі күнге дейін жалған емес. Соның айғағы ретінде сайыскерлерімізге берілетін келесі шарт «Шебердің қолы ортақ» деп аталады. Ортаға қатысушы талапкерлерімізді шақырамыз. Әділ қазы алқасы уақытты белгілесе.
Әділқазылар алқасы «Шебердің қолы ортақ» шартының бағасын берсеңіздер.
1-ж
5. Ей, Жігіттер!
Сендерге биік ата - салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Жігіттеріміздің өнерлерін, мергендіктерін тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Ескірмейтін есті сөз» деп аталады. Бұл шартта Жігіттеріміз сұраққа жауап береді.
Әділқазылар алқасы «Ескірмейтін есті сөз» шартының бағасын берсеңіздер.
2-ж
Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік. Ортаға Жігіттерімізді шақырамыз. Сайысымызды қорытындылау үшін тәрбие ісінің меңгерушісі Ғазиз ағайға береміз.
Сау саламатта болыңыздар!