21
март
2022
Армысың, Әз Наурыз
Армысың, Әз Наурыз!
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар және ауыл тұрғындары! Бәріміздің көптен күткен Наурызымызда келді. Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған наурызда еңбектеріңіз өнімді,тілектеріңіз қабыл болып, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн бізідің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай 2019 жылды «Жастар» жылы деп жариялауына байланысты, осы жылда жастарымыз барлық қырынан өздерін көрсетеді деген үміттеміз. Ендеше Арал елді мекенінің жастарының ұйымдастыруымен өтетін, Талас негізгі мектебі дайындаған «Армысың, Әз Наурыз!» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам наурызға шақырамыз.
Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні, ата-баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы-бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан, 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен жаңа күн мерекесі. Олай болса бүгінгі «Армысың, Әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегін мектебімізідің директоры Оспанов Жаңабек ағайға береміз.
1-жүргізуші:
Шашу, шашу, көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жауын
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл-көсір! (шашу шашылады)
1-жүргізуші:
Алқа жұртым, той-думан
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!-деп « Майлықожаның Арнау » термесін Орынбаева Майраның орындауында қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса
Сонда олжалы жол болар- дей отырып ендігі сөздің кезегін ауыл әкімі Айтуов Рақымжан ағай мен ауыл ақсақалдары Шертай атамызға,
береміз.
1-жүргізуші:
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз
Ән салайық бәріміз дей- келе ендігі кезекті ауылымыздың келіндері мен, жас жігіттеріміздің орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Наурыз айы-шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы бойынша күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Жүріңіздер наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп. Назарларыңызға бүлдіршіндеріміздің орындауындағы «Ақ көгершін» биін ұсынамыз.
1-жүргізуші: Жаңа жылды Наурыздың 22-сін халық Ұлыстың ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, нұр жауды, туар жыл нұрлы болады,Наурыздың ақша қарындай деп әсем теңеулер айтып, ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады-деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған. Ендеше көрініс «Тұсау кесер»
1-жүргізуші:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғатта мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды-деп келесі кезекте «Оригиналсың» әнімен ортаға Шахмарал Жәнібекті шақырамыз.
1-жүргізуші:
Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке
Көрініс:
1-жүргізуші:
Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың
Әсем әнін тыңдайық!
Шертай Диастың орындауында «Осылай болама?» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен
Наурыз сән-салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
Олай болса келесі кезекте.
Көрініс:
1-жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн – Ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем
Ән:
1-жүргізуші:
Жарқырасын сұлу жондай жеріміз,
Асып тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің
Малға толып жатсын барқыт беліміз! Осымен дайындаған шағын мерекелік кешіміз аяқталды. Келесі наурызда аман –есен жүздескенше. Мереке құтты болсын! Қош сау болыңыздар. Барлықтарыңызды наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.