01
июнь
2022
«Бала деген бір бақыт!»
Тақырыбы:«Бала деген бір бақыт!»
Мақсаты:Балалардың жеке қасиеттерін дамыту,өлең,әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету,бір -бірін сыйлауға,адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
жүргізуші: Қайырлы таң! Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар, сүйкімділер,періштелер сендерсіңдер!Қандай бейне өздеріне тең балақандар!
Данышпан да,ғарышкер,ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін!
Ия,рас бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әні де!
Сол емес пе тіршіліктің мәні де!- дей келе «Бала деген бір бақыт!» атты 1-маусым Балалар күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Арманы бір, үні бір,
Аға ардақты, іні бір
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл.
Бала бағы бар елдің.
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
Жүргізуші: ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ КЕЗЕГІ мектеп директоры Оспанов Жаңабек ағайға беріледі.
Тақпақтар: оқушылар
Инабат:
Мектепе бүгін ұзақ ойнайық
Балалар қорғау күнін тойлайық
Алақай ау,алақай
Той тойлайық балақай.
Елжан:
Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз
Ертеңгі күн еліміздің
Батыыыыырлары боламыз.
Мирас:
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзін тыңдаймын
Апашымды тыңдаймын.
Нұрәли:
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Алаңсызда балғын шақты балалар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.
Ерсұлтан:
Алақай ау,алақай
Той тойлайық балақай
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық,балақай!
Нұртас:
Гүлмен келсін келер күн
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің
Главная қоссақ бәріміз
Біздер елдің сәніміз
Шаттық бақыт қуаныш
Елімізге сыйлаймыз.
Ерсайын:
Жаз да келді көңілді
Келді гүл мен өрнектеп.
Ел бақытты мерейлі,
Балалары әндетті.
Гүл мен келсін келер күн,
Бала бағы бар елдің,
Балалардың күлкісі
Көркі, сәсі әлемнің.
Асылай:
Көк жүйектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім деп,
Анаң сені оятты.
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Алмаз:
Бейбітшілік әніміз,
Өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Жазғы мектеп аясында
Жадырайды жанымыз.
Ерасыл:
Баршамызды бала тілмен баурайтын
Бала деген бір бақыт қой самғайтын Ата ананың арманы мен тілегі
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін
Данышпан да,ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
Мұхамеджан:
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл.
Жүргізуші:
Бүгін қызық,бүгін той
Біздер үшін біліп қой!
Дөңгеленсін би-билеп
Жалғастырсын ойды-ой!
Жүргізуші:
-Жаз келіп,күн шығып, әдемі гүлдер жайқалып, дала жасыл кілемге оранды.
-Балалар,гүлдерге қонатын әдемі жәндікті қалай атаймыз!
-Ендеше,көбелектерімізді қарсы алайық!
Би: 3 сынып оқушылары «Қара жорға» биін ұсынады,қарсы алыңыздар!
Ән:Есенгелді Асылайдың орындауында «Ата-ананы тыңдаймыз!».
Жүргізуші: Қымбатты «Жаз 2022» лагерінде демалушы бүлдіршіндер! Сендерді лагердің қызметкерлерімен таныстыруға рұқсат етіңдер!
Өзі әсем, көрікті.
Қаталдықты, аямай-ақ беріпті
Үміт апай күшті апай
«Жаз 2022» мерекесіне келіпті.
Жүргізуші:
Іш ауырса, тіс ауырса
Емдеп дәрі беретін
Ақ халатты Гүлзат апай
Медбикеміз ол біздің.
I жүргізуші:
Спорт- көркі өмірдің,
Спорт- досың серігің
Жаттықсаң шымыр боласың
Шынығып өсіп толарсың
Үнемі бізге айтатын
Жанашыр Ырыс ағай ол біздің .
Би: Есенгелді Асылайдың Өзбекше биін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
-Балалар, сендер бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме?
-Дұрыс, Балаларды қорғау күні.Бұл мереке алғаш рет 1950 жылы Дүние жүзі бойынша аталып өткен. Сендерді мерекелеріңмен құттықтаймыз!
Жүргізуші:
Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт!- Қымбатты балалар! Сендерді бүгінгі мерекенің келесі кезеңіне шақырамыз.
«Бейбітшілік болсын әлемде!» тақырыбына қағазға сурет салудан жарыс.
-Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз,күлеміз.
Бірге балық аулаймыз
Міне,біздер қандаймыз!-дей келе бүгінгі жарыста ДОСТЫҚ жеңді.
(Барлық балалардың суреті үшін балмұздақ таратылады)
Жүргізуші:
-Өздеріңе шаттық қуаныш сыйлайтын мерекелеріңіз тағы да құтты болсын,жас достар!
Осымен «1 маусым Балаларды қорғау күніне» арналған Бала деген бір бақыт! бағдарламамыз аяқталды.Біз сіздермен қоштаспаймыз!Көк аспанда байрағымыз желбіреп, амандықта кездескенше сау болыңыздар!
Хор: Бақытты балалық