Попечительский советі » ОШ Талас
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Талас негізгі мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Попечительский советі
18
октябрь
2018

Попечительский советі

Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Талас негізгі мектебі» отдела образования Кербулакского районанің 2017-2018 оқу жылындағы мектеп директорының қамқоршылық кеңесінің алдындағы
ЕСЕБІ

ХХІ ғасырда мәдениетті елдің басын біріктіретін мәселелердің бірі де осы оқу ағарту саласы екендігі белгілі. Демек, тәуелсіздіктің туын жоғары ұстап, өркениеттің шарықтау шегіне жетудің басты шарты оқу - білімнің сапасын арттыру екендігіне күмән жоқ. Сондықтан, бір жақтан ұлттың қадір – қасиетін құрметтейтін Отан сүйгіш, ұлт жанды, саналы азаматтар – еліміздің қазына байлығы болмақ.
Жас ұрпаққа оқу – білім беру, оларды келешегіміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу, әр ұстаздың, әрбір мемлекеттік мекеменің ең қасиетті міндеттері. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Бүгінгі таңда келешекке, жетістікке тек білім мен біліктіліктің арқасында ғана жетуге болатыны кімге де болса белгілі. Осы мақсатта мемлекетімізде білім сапасы мен беделін арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.
Адам жан – жақты дамыған жағдайда ғана белгілі тұлғаға айналады. Мектептің педагогикалық ұжымының алдында сабақта және сабақтан тыс жүргізілетін жұмыс жүйесін оқу – тәрбие үрдістерімен байланыстыра отырып ғылыми деңгейге көтеру және танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімді, жан – жақты дамыған, Отанының әлеуметтік – экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын тұлғаны қалыптастыру, білім сапасын жақсарту, мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру.Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмысы ретінде «Дені саудың-жаны сау» спорттық іс-шара өтілді. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс екенін білеміз. «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша мектептегі тарих пәнінің мұғалімі Ғ.Батырбаев жоғары сынып оқушыларымен бірге тарихи өлкелерді аралатты.Өлке тану бағыты бойынша 7-сынып оқушыларымен Ақ кесене мұнарасын зерттеді.Мектебімізде «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша әр тақырыпта мектепшілік тәрбие сағаттары өтілді.
Қазіргі өскелең ұрпақтың ақыл-ойына әсер ететін ақпараттар ағыны толассыз, сондықтан солардың ішінен өзіне керегін таңдап, пайдасына жаратып, оған өз көзқарасын білдіріп, тұжырымдар жасауға үйрету, сын тұрғысынан ойлау стратегияларын тиімді қолдана білу, қазақ халқының әдеп-ғұрпын, тарихын танып, білуге талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, оқушыларды Отанды, табиғатты, еңбекті сүюге, еңбек ете білуге тәрбиелеу ұстаздар қауымының негізгі мақсаты. Оқу-тәрбие үрдісінің ғылыми негізде басқару және бақылау - жалпы оқу үрдісінің ішкі механизмі болып табылады.Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес, мұғалімдер оқу проецестеріне сәйкес жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда 1,2,3,5,6,7,8, сыныптар жаңартылған білім беру мазмұны мен оқытылуда. Мектептің сабақ кестесі бес күндікке көшірілген.
2017-2018 оқу жылын 43 оқушымен бастап 35 оқушымен аяқтады, оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 77,1 пайыз болды. Оқу озаттарының саны-8, оқу екпінділерінің саны-19 оқушы болды.
Қашықтық олимпиадаларға мектебіміздің мұғалімдері, ғылыми мекемелер тұрақты өткізіп тұрады. Олмипиадаға мектептің пән мұғалімдері Төлеген Ырыс, Сопбекова Гулзат, Аяжанова Гаухар, Батырбаев Газиз, Орынбаева Майра,Cералиева Мақпал және т.б мұғалімдер қатысып Алғыс хат иегері болды.
Оқушылардан да атап айтар болсақ Төлеген Ақмаржан аудандық ғылыми жобадан 1 орын иегері атанды.Тағы сол сияқты оқушылар Есенгелді Нұрғиса, Әбдіхалық Ақтоты, Төлеген Нұрсана, Айтбек Сейтбек, Әбдіқалық Нұрасыл, Есенгелді Сағи және т.б оқушылар қатысып 2 орын, 3 орын алып, алғыс хат иегері атанды.
Бүгінгі таңда, күн көрісі төмен, көп балалы отбасынан шыққан,жартылай жетім оқушыларға 2017 жылдың қыркүйек айында Жалпыға бірдей білім беру қорынан берілетін ыстық тамақты ұйымдастыру.
Мақсаты: жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды мектеп формасымен қамтамасыз ету. Бізде жетім, жартылай жетім оқушылар жоқ. Сондықтан, ыстық тамақпен көпбалалы оқушылар мен аз қамтылған оқушылар қамтылуы тиіс деп шешілді.
Қысқа мазмұны: Мектеп бойынша 43 оқушы бар.25 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған, оның ішінде «Мектепке жол»акциясы аясында, демеушілер көмегімен 16000 теңге көлемінде 3 оқушыға көмек көрсетілді.

№ Оқушының
аты-жөні Сыныбы Мекен жайы Ата-анасының
аты-жөні Саны Бағасы Көрсетілген көмек түрі
1 Айтбек Бекжан 3 Арал е/м Тоқсейтов Қалдыбек
Сарсеналиева Назгул 2 4000
3000 Куртка
Сумка
2 Әміре Нұршуақ 2 Арал е/м Қожабергенов Ардақ
Садықова Фариза 1 5000
Костюм, уюбка

3 Шахмарал Ақәділ
2 Арал е/м Тулентаева Жадыра
1 4000 Спорттық форма
Сумка

16000 теңге

Бюджет есебінен 2 оқушыға көмек көрсетілді.

№ Оқушының аты-жөні Сыныбы Мекен жайы Ата-анасының аты-жөні Саны Бағасы Көрсетілген көмек түрі
1 Нұрғали Наурызбек 5 Арал е/м Нұрғали Нұрлан
Ергешбаева Ақжарқын 2 4750
3718
3000
4750
3600
4500 Полувер
Брюки
Рубашка
Спортивная форма
Куртка
2 Шапантай Олжас 3 Арал е/м Сыздықов Самат
Сопбекова Гүлзат 2 3700
4550
3000
3650 Туфли
Куртка
Сумка
Юбки

Міне осылардың барлығы қамқоршылық кеңесінің тарапынан, және бюджет есебінен көрсетіліп жатқан көмек деп түсінемін.

Талас негізгі мектебінде 2018-2019 оқу жылында Дайындық сыныбын қоспағанда 8 сыныптық комплект болды. Мектепте 19 мұғалім оқушыларға дәріс береді. Оның ішінде 14 мұғалім жоғары білімді, 5 мұғалім арнаулы орта білімді.Мектептегі жұмыс жасайтын кіші қызметкерлердің саны 17 адам.
1. Преподавателидің біліміне қарай:
Білімі 2018-2019
Саны Пайызы
Жоғары 14 70%
Арнаулы орта 5 30%

2. Преподавателидің санатына қарай:
Білімі 2018-2019
Саны Пайызы
Жоғары санат 2 12%
Бірінші санат 5 26%
Екінші санат 5 26%
Санаты жоқ 7 36%

Қазіргі таңда мектептің қысқа дайындығы 100 пайыз дайын.80 тонна қатты отын мемлекет есебінен қамтамасыз етілді.

2018-2019 оқу жылындағы мектептің алдында тұрған негізгі міндеттері:
1. Еліміздің орнықты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету кепілі – білім сапасын арттыру.
2. Оқушыларды білім сапасын сырттай бақылауға тиянақты дайындау;
3. Барлық ұстаздардың ақпараттандыру техникалары мен технологияларын меңгеруін қамтамасыз ету;
4. Білім беру ұйымдарында тәрбие үрдісін басқаруды жаңарту-көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру;
5. Білім беру ұйымдарындағы ғылыми-әдістемелік қызмет деңгейін көтеру;
6. Дарынды және қабілетті балалармен жұмыс түрлерін жетілдіру арқылы, бәсекеге қабілетті білім беруді жүзеге асыру;
7. Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру;
8.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың « Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру » мақсатындағы жаңа жолдауы талқыланып,мұғалімдер арасында таратылды

Похожие публикации:

09 ноябрь 2017 Төлқұжат
09 ноябрь 2017 Анатация