«Сыңғырла, соңғы қоңырау» » ОШ Талас
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Талас негізгі мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Сыңғырла, соңғы қоңырау»
01
June
2023

«Сыңғырла, соңғы қоңырау»

Соңы қоңырау сценарий!
Жүргізуші: Құрметті ата- аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар қадірлі жас түлектер! Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын-соңғы қоңырау салтанаты.
Яғни, бүгінгі күн 2022-2023 оқу жылының аяқталуына байланысты «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты, салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші:
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің айналайын халқым менің.

Жас жүректің өмірлік құштары гүл
Бағбан-ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Ұрпағың мақтануға болса лайық,
Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.
Биылғы жыл түлектерін,
Құрметпен қол соғып қарсы алайық!. Деп алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұрған, түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:
Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік өнерде.
Жахандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
Мазмұнына өрнегі жарасқан,
Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,-дей отырып, салтанатты жиынымызға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелінсін.

Жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрығынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Жарасады жігер берер әнұран. Салтанатты жиынымызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.

Жүргізуші: Орта жаста мектебіме бас болған,
Ұйымшылдық ұжым үшін жақсы адам.
Жаңабек ағай үміт күтет жастардан,
Айтатыны ақ бата мен ақ тілек.
Мектебінің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз- мейрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені күлгені,
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері,-дей келе құттықтау сөз мектеп басшысы Оспанов Жаңабек ағайға беріледі.

Жүргізуші:
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың.

Бүгін мынау кеш жүректі тербейді,
Бал дәурен балалық айналып келмейді.
Алғашқы ұстазым әліппе ұстатқан,
Жүректен ешқешан, ешқашан сөнбейді.
1-сыныптағы алғашқы ұстазы «Қазақстан Республикасының білім озаты,» төс белгісінің иегері Басканбаева Мадина әпкейге сөз береміз.

Ән «Ұстазым менің».

Жүргізуші: Ендігі кезекте 1- сынып оқушыларын сынып жетекшісі Дүйсенбекова Ментай әпкеймен шақырып, түлектерге деген жүрек жарды тақпақтарын тыңдайық.

Жүргізуші: Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін.
Уақыт бөліп бізге тілек білдірер,
Сөз кезегін қонақтарға берейін,-дей келе сөз кезегін келген қонақтарға береміз.

Жүргізуші: Кездескенде қалатұғын шұрқұрай,
Балалықтың оралмады-ау бір күні-ай.
Барлығымыз бір мектеп, бір сыныпта,
Тағы осылай отырар ма ек шіркін-ай.
Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз -ғалым толастатпас мәңгі ісін.
ТыншыMayтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын дей отыра,
Мектеп бітіруші түлектердің ұстаздарға жүрек жарды арнаулары қабыл алыңыздар. «Шағын көрініс»

Жүргізуші: Ғылымды терең меңгеріп,
Үмітті бұлақ ақтады.
Мектепті жақсы бітіріп,
Ұстаздың болды мақтаны,
Шығыңдар білім шыңына.
Батамыз осы сендерге,
Болыңдар үздік тағы да.

Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы,- дей келе
Сөз кезегін алыстан арқаланып,
Баласы үшін бар жақсылықты шашу
Шашуға әзір ата-аналар келіп отыр. Келесі сөз кезегін түлектердің ата-аналарына берейік.

Жүргізуші: Әркімде әр сұрақ жетелеп,
Жолдарға салады әр тарау.
Есіңде мәңгілік қалар тек,
Аспанда желбіре көк жалау дей келе, Мектеп туын тапсыру салтанаты.
Жүргізуші: Баулыған әр өренді,
Барлық ұтаз өнерлі.
Әрбір сөзі мәнерлі
Әрбір сөзі әдемі.
Біздің оқушылар
Бір ән салып береді,- дей келе ортада Рәмисқызы Еркеназ бен Шертай Ерсайынның орындауында Ән «Алтын ұя мектебім».

Жүргізуші:
Көгершіндей самғаңдар түлектерім
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың,
Дірілдейді -ау, ерекше жүректерің.

Жүргізуші: Теңізде тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған көл бетінде,
Бишілер өнерлерін көрсетуде дей отыра, ортада түлектердің «Биі»қабыл алыңыздар!.

Жүргізуші:
Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,
Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз
Сол бір сәттер енді қайтып келе ме?
Балалығым бір өзіңді қиMayмыз.

Жүргізуші: Ұшырады мектебің өз қолыңнан,
Көріне бер ғылымның сан қырынан.
«Қайран мынау қазақтың ұлы ғой»-деп,
Көріне біл тұғырдан биік шыңнан.
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің.
«Сәт-сапар!»-деп қол бұлғаймыз бәріміз.
Тілейміз біз армандарға жеткенін! Дей келе «Ән» Рәмисқызы Екеназдың орындауында «Қоштасу әні» қабыл алыңыздар.
«Жылтырақ шашу»

Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата- аналар, қонақтар, оқушылар! Бүгін біздің мектеп түлектері үшін, соңғы қоңырау соғылады. Соңғы қоңырауды 1-сынып оқушысы Шертай Айсұлтан мен Айбас Қайсар ұрады.

Келешек өмір қандай болсада, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаңда, сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты толғандырар минутты естен шығар- маңдар? жолдарың болсын!

Жүргізуші: Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік өнер де.
Жахандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
Сап түзелсін, салтанатты жиынымыздан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкетілсін.
Жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар! Салтанатты соңғы қоңырау жабық деп жариялаймыз.