25
May
2022
Сәт сапар - жас түлек
«Сәт сапар саған, Жас түлек!»
атты соңғы қоңырау салтанатты жиынның сценарииі
I – жүргізуші:
Тарихы терең қазақ деген көне елде
Ел белгі де ерлік, өрлік, өнерде,
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
II - жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, - дей отырып ҚР мемлекеттік туын көтеру құрметі мектеп бітіруші түлекке тапсырылады.
Ортаға Қазақстан Республикасының Туы әкелінсін!
I - жүргізуші:
Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,
Мектептен басталады бәрі - бәрі.
Бүгінгі мектеппен қоштасу салтанатында,
Шырқалсын Қазақстан әнұраны!
II - жүргізуші: «Сәт сапар, саған, Жаст үлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны ашық деп жариялансын!.
I - жүргізуші:
Таластың кең жазық даласында
Берекелі Арал ауыл арасында
Мектеп бар «Талас» дейтін Талас жағасында
Арналған алғыр, зерек баласына
Армысыздар ардақты ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер! 9 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
II - жүргізуші: Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып, салатын – соңғы қоңырау салтанаты!
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің _________ түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
I - жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,
II - жүргізуші:
Бәрі де баласындай бір ананың,
Өз елі қазағының ұғады әнін.
Қызы ибалы, ұлы ер, шықсын кәне,
9 сыныбы Гаухар апайдың.
Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектерді және жетекшісі Аяжанова Гаухар Асқарқызын қошеметпен ортаға шақырамыз. (музыка әуені)
I – жүргізуші:
Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!
II - жүргізуші: Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 9 жылдың мәреге жеткен күні.
I - жүргізуші: Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
II - жүргізуші: Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
I - жүргізуші: Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
II - жүргізуші: Бүгін - әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
I – жүргізуші: Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
II - жүргізуші: Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
I – жүргізуші: Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
II - жүргізуші: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
I – жүргізуші:
Ендеше, сәт сапар, жас түлектер!
Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті мектебіне
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар
Аттанып барады өмір көктеміне
II – жүргізуші:
Осынау қимас сәтте өздеріңе арналған алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры ОспановЖаңабек ағайға береміз
(Мектеп директоры сөз сөйлейді)
Келесі кезекте мектептің озат оқушыларын марапаттау рәсімі.
II – жүргізуші:
Еліңді таң қалдыршы ұлы істермен,
Қатарына қаймықпай құрышты ерген.
Туды биік көтеріп қалықтатшы,
Қуанта бер қашанда жеңістермен
I - жүргізуші: Мойытпасын қиындықтар сендерді.,
Батылдықпен асыңдар сан белді,
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
I – жүргізуші: Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын – жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға сазды сәлем жолданады.
Хор: Мой добрый учитель. Орындайтындар бітіруші түлектер
IІ - жүргізуші:
Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
Ұстаз - ғалым, толастамас мәңгі сын.
ТыншыMayтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Ұстаздарға арнау. Түлектердің ұстаздарға арнаған өлеңдері
АҚСҰҢҚАР: Жас түлектің жыр тамсын көмейінен,
Ұстаздар қоштасамыз енді сізбен,
Оқытқан тоғыз жылдай мұғалімге,
Алғысымды білдірейін өлеңіммен.,
Басқару да оңай емес алтын-ұя мектепті,
Мақсатыңыз биік сапа, асқаршыңға жетпек –ті.
Жаңабек ағай, ұстаздарды асқақ жолға жетелеу,
Қолынан ғана келеді тұлғалардың сіз текті.
Орындалсын ұлы мақсат, оңала берсін ісіңіз
Біз де сіздей жаныжайсаң асылдардың ізіміз.
Шәкірттерге жол сілтейтін мамандардан құралған,
Ұстаздардың басшысы да, қосшысы да өзіңіз.
ӘДІЛ: Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұхтар, абай сөйлеген дана тілім.
Осы тілдің ұқтырған терең сырын,
Майра апай, Ақмарал апай
Әрқашан да біздерге берген білім.
Апайлардың сұлулығы өзгермес,
Биология бір пән өзі бір белес,
Зәуре апайға
Мұғалімнің еш біреуі тең келмес.
АРУЖАН: Эйнштейн, Ньютонның ізіменен,
Жүріп едік физик болып біз деген,
Бәрін бастап алда тұрған әркезде,
Асима апайөзіңізге бас ием,
Тарих деген түп қазығым тамырым
Тамырымды білу менің парызым
Бұл ғылымды аянбай жүріп үйреткен
Ғазиз ағай көп қой сізге қарызым
АҚСҰҢҚАР: Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда
Күнім болып көріндің аспанымда
Білім болып егілдің жас жаныма
Біз дегенде ұмытып бала қамын
Қас қағымға қасыңнан тастадыңба
Бастауыш апайларым жас жадымда
Бар ғұмырын химияға арнаған,
Ол білмейтін ешбір элемент қалмаған.
Гүлзат апай сізге де үлкен алғыс,
Химияны ойға тоқып, үйретуден талмаған!
ӘДІЛ:
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Жетекші апай сізге ерекше көп алғыс,
Таңертең күнде құшақ жаяр алдан
Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Гаухар апай үздіктердің үздігі,
Математика негіздерін қалаған.
Біз сүйетін үлгі болған апайым,
Ол кісіні мақтап енді айтайын,
Дәния апай дана ұстаз, ғажапсыз,
Білім беріп ағарған ғой саMayың.
АРУЖАН: Ағылшын тілі білген орасан зор талабы,
Әрқашанда ашық - жарқын қабағы.
Үміт апайдың әрбір берген сабағы
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады
Жүгіртетін, секіртетін, ойнататын,
Бұл сабақты барлығы ұнататын,
Ырыс пенен Қыдыр атты ұстаздар,
Спорт деп білетін жан рақатын.
АҚСҰҢҚАР: Атағым алатаудай болып биік
Тұрса да төбе өсіп,көкке тиіп
Аларыңда әрқашанда тағзым етіп
Тұрамыз ұстазым деп бас иіп
I – жүргізуші:
Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам.
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді ағалық қамқорлығым деп түсінген
II - жүргізуші:
Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар,
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Санасы биік адал дос табыңдар!
Көрініс «Ұстазым, менің ұстазым»
Иә, сендер әрқашан еске алып жүретін жаны асыл ұстаздарың да бүгінгі соңғы Қоңырау үнімен өздеріңмен қоштаспақ. Енді сол ұстаздардың шәкірттеріне деген соңғы ақыл - кеңесін, сәт сапарын тыңдайық. Құттықтау сөз алғаш әріп танытқан, бастауыш сыныпта білім берген, мектептің ардагер ұстазы Басқанбаева Мадина әпкейге және қазіргі сынып жетекшісі Аяжанова Гаухарға беріледі.
I - жүргізуші:
Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды!
1 сынып құттықтаулары
Келесі кезекті мектеп бітіруші түлектерге арнаған тілектерімен 1 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
I - жүргізуші: Қоңырау мектеп өміріндегі құлаққа жағымды шәкірт жүрегінде сақталатын ұмытылмас үн. Жүректері лүпіл қағып қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте мектебімен қоштасып өмірдің екінші белесіне қадам басқалы тұрған сіздер, осыдан 9 жыл бұрын қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттаған болсаңдар сол сыңғырлаған қоңырау үнімен болашаққа аттанбақшысыңдар. Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 9 жыл ішінде қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідің, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда. Ал, бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтан мектеп белесіне асыратын қоңырау. Сәт сапар, саған жас түлек!
II - жүргізуші: -
Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қойMayды
I – жүргізуші.
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігенде қоңыраудың
Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін
Қоңыраудың естиміз соңғы үнін
II – жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу рәсімін орындау құрметіне мектебіміздің үлгілі оқушысы Әбдіхалық Ақсұңқар мен мен болашақта үміт күттірер, аға - апаларынан үлгі алар 1 сыныптың оқушылары Айтбек Инабат пен Айбас Қарақатқа беріледі.
Ән: Әбдіқалық Ақсұңқар мен Айбас Аружанның орындауында
«Соңғы қоңырау»
I – жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы.
«Ата - ана баланың бас ұстазы» дегендей ата - ана мен мұғалім қатар тұрғанда бала өзіне деген қамқорлықты толық сезінеді. Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата – аналарымызға беріледі
II - жүргізуші: Құрметті білім алушылар! Соңғы қоңырау мерекесінің дәстүрі бойынша ту тапсыру салтанатты рәсімін өткізуді бастауға рұқсат етіңіздер.
Аманат ту тапсырушы: 9- сынып оқушысы Шапантай Әділ.
I – жүргізуші: Аманат ту қабылдаушы: 8- сынып оқушысы Айбас Қайсар.
(Мектеп түлектері қасиетті көк байрақты 8 сынып оқушыларына тапсыру рәсімін орындайды.)
Аманат ту тапсырушының сөзі:
Әнге ән, жырға жыр жалғап Барамыз ұшып ұядан!
Айтамын саған аманат, Iзбасар 8- сыныптар!
Мейірімнен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!
Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер аманат!
Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған аманат!
Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған аманат!
Көрінбейтін шиMay - шатпақтан Дәптерім саған аманат!
Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған аманат!!
Сыр алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған аманат!
Қос өрім қылып тағатын Ақ бантик саған аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған аманат!
Үлгілі тәртіп, үздік оқу - ізбасарым саған аманат!
Желбірейтін биікте - Алтын ұя туы аманат!
Кір келтірмей атына, биікке самғау - бізге аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау - саламат!
Аманат ту қабылдаушының сөзі: Біз 8 сынып оқушылары: Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай отырып, бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға, білім мен тәрбиенің барлық салаларынан алда болуға, мемлекетімізді гүлдендіруге, дамытуға негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен игерген саналы азамат болып шығуға мектебіміздің мәртебелі екенін биіктетіп, жоғары деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп сеніммен ант береміз! ( Аманат туын қабылдаған оқушылар орындарына барып тұрады)
I – жүргізуші:
Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» - деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.
Хор. «Папури» Мектеп бітіруші түлектердің орындауында
I – жүргізуші:
Бірлік деген даналар мен кемеңгер
Бір - біріңді әрқашанда елеңдер
Түрлі асу жолдарында тағдырдың,
Бір - біріңе сүйеу болып демеңдер.
II - жүргізуші:
Сонда естілер ел жұртыңның нұрлы үні,
Сонда жеңер мына өмірдің шындығы.
Әуелетіп аспанға шар ұшырдық,
Ол бірлігің, мәңгі бірлік символы!
II - жүргізуші
Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен, ағайын,
Ақ жолына той шашуы шашылсын! ( Шашу шашылады)
Музыка әуені ( шар көкке жіберіледі.)
Шар ұшыру сәтін тамашалау. Ұстаздар мен қонақтарға гүл шоғын ұсыну.
I - жүргізуші: Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер! Ата - аналар мен қонақтар! Аяулы ұстаздар! «Сәт сапар саған, жас түлек!» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймын!
II – жүргізуші: Құрметті мектеп оқушылары! Республика туы астында қатар тізеп, тік тұрыңдар! ҚР мемлекеттік Туы әкетілсін!
(Әнұран орындалады)
I - жүргізуші: Аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау саламатта болыңыздар. Сәт сапар, сіздерге, Жас түлектер!
II – жүргізуші: Талас негізгі мектебінен үлкен өмірге 3 түлек жолдама алды: 3 арман, 3 үміт, осынша сенім! Қанаттарың талмасын, жас түлектер!