алғашқы қоңырау » ОШ Талас
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Талас негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » алғашқы қоңырау
15
октябрь
2018

алғашқы қоңырау

«Армысың алғашқы қоңырау
I жүргізуші:
Қайырлыкүн, құрметтіұстаздар мен қадірмендіата – аналар, мектепоқушылары мен балаусабалдырғандар!
Жаңа оқу жылына қадам басарда өткен оқу жылында болған оқиғаларға да шолу жасап өткеніміз абзал. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 27 жылдығы қарсаңында ел рәміздерінің 27 жылдығы алғашқы оқу жылының тақырыптарына сай келіп отыр.
Ал ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!”атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Және биылғы еліміздің даңқын асқақтатқан оқиғалар көп болды айта кетер болсақ Елордамыз Астанаға 20 жыл, Талас ауданына 90 жыл, аудан орталығы Қаратау қаласына 55 жыл толып отыр.
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді,
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені –
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде әкелінсін
(Туды енгізу рәсімі)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
І жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл - Фараби, Омар Хаям, Абай да.
«Сәлем саған-алтын ұя мектебім!» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Оспанов Жаңабек ағайға сөз беріледі.
І жүргізуші
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақтілегін ақтарар.
Сөз кезегі қадірменді қонақтарда.
( қонақтарға сөз беріледі)
Сіздердің құрметтеріңізге, ақтілектеріңізге арнап 8сынып оқушысы Айбас Балауса «Ұстазым» әнін жолдайды, қабылалыңыздар.

Жүргізуші
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір

Жаңа оқу жылы басталды.
Шаттықпен шалқып толғана
Ой толқытқан жүрегін
Өмірге алмақ жолдама
Сыр шертсін енді түлегің

9-сыныпоқушысы. Нұрсана
Кеше ғана аттаған,
Мектеп табалдырығын
Бүлдіршін едік бастаған
Ақбантикті тұлымың
Иә, кеше, кеше еді,
Сәби едік балдырған
Азамат болып көшелі,
Табылмақпыз сан қырдан
Сусындап білім нұрына
Өткеріппіз он жылды
Қанығып өмір қырына,
Зердегет үйдік мол сырды.

9-сыныпоқушысы: Әли
Оқыған әпке, ағаңыз,
Қадірлі мектеп – бұл мектеп.
Сендердей біз де болғанбыз,
Есейдік, міне, қараңыз.
Құт болып алғаш қадамың,
Жағарсың білім шырағын.
Биылғы жыл ерекше,
Ұғарсың оның шын мәнін.

I Жүргізуші:
Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашсын арай, күн
Азамат болып өсіңдер,
Қызыға жұрттар қарайтын.


7 - сынып оқушысы Әміре Айғанымның түлектерінің құрметіне арналған “Мектебім”әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың

Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп
табалдырығын аттағалы отырған 1 - сынып
оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.
I Жүргізуші:
Халқымыз “Ата - баба дәстүрі – асыл мұра” дегендей “Бала – бауыр етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға
отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6 – ға келіп, 1 – сыныпқа қабылданып,“Алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті.
Бұл той - баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы.
Құрметті халайық, олай болса, оқушыларымыздың тойын бастауға рұқсат етіңіздер!
(1 – сынып оқушыларының әдеби монтаждары, өлеңдері тыңдалады, өнерлері тамашаланды)
I Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын 9-сынып оқушысы Төлеген Нұрсана және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған Иманәлиева Әнелді ортаға шақырамыз.
(Бірінш іжәне тоғызыншы сынып оқушылары қоңыра усоғады)
I Жүргізуші:
Аялар бейбіт күн нұры,
Мектебім, бізге жөргексің.
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,
Жаңа оқу жылын ашқасын
Бал нің сеніңс ырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын

Қоңырау үні шарықта,
Өзіңнің сиқыр тіліңде
Қызмет көрсет халыққа
Шақырып өнер – білімге

Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұлболсын.
Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1 – сынып оқушылары мен алғашқы ұстазына қошеметпен қол соғып қояйық! Мектепке жаңа оқу жылын бастағалы отырғын 1- 9 сыныптар аралығында өтетін алғашқы білім күніне арналған ашық тәрбие сағатына шақырамыз.

Осымен 1 – қыркүйек білім күніне арналған «“ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!” мерекесі өз мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!

Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2018 - 2019 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады.
Ақ жолсіздерге, мектеп оқушылары!

Похожие публикации:

15 октябрь 2018 Ұстаздар күні
15 октябрь 2018 Ұстаздар күні
02 апрель 2018 жоқ
02 апрель 2018 жоқ