Қамқоршылық кеңесі хаттамасы » ОШ Талас
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Талас негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесі хаттамасы
18
октябрь
2018

Қамқоршылық кеңесі хаттамасы

«Талас негізгі мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қамқоршылық кеңес» отырысының хаттамасы

Арал елді мекені 17.10.2018.ж
Жиналысқа қатынқандар - мектеп әкімшілігі, ата-аналар,
Қатыспағаны – жоқ

Күн тәртібінде
1«Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
2 Қамқоршылық кеңесінің алдындағы мектеп директоры Ж.Оспановтың есебі
Тыңдалды
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы Жүсіпов.Қыдырәлі сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 22.12.2016 жылғы №715 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережемен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік , бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру. Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.Мектептің білім берушілік, қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.ҚМ берілген қаражаттай және заттай бюджеттік қаржыны тиімді және анық пайдалану үшін механизм құру.Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына , сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған мектеп директоры Ж.Оспанов өз сөзінде жаңартылған білім мазмұнына сәйкес мұғалімдер оқу процестеріне жұмыс жасауда.Бүгінгі таңда 1,2,3,5,6,7,8 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнымен оқытылуда.Мектептің сабақ кестесі 5 күндіккке көшірілген. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 77,1 % болды.Мектеп оқушылары оқулықпен түгел қамтамасыз етілді. Біздің мектепте жетім-жартылай жетім оқушылар жоқ. Сондықтан ыстық тамақпен көпбалалаы оқушылар мен аз қамтылған оқушылар қамтылды, 25 бала ыстық тамақ пен қамтамасыз етіледі. «Мектепке жол акциясы» аясында демеушілердің көмегімен 3 оқушыға көмек көрсетілді мектептің бюджет есебінен 16 он алты мың теңге көлемінде екі оқушыға көмек көрсетілді.Қазіргі таңда мектептің қысқы дайындығы 100% дайын 80 тонна қатты отын мен мемлекет есебінен қамтамасыз етілді.Мұғалімнің кәсіби біліктілігі 80% пайыз.Барлық ұстаздар ақпараттындыру техникалары мен технологияларын меңгерген. Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті.
Жарыс сөз
Ауыл тұрғыны, зейнеткер Адилбеков Шертай сөз алды.Ол өз сөзінде қамқоршылық кеңесінің алдында өткен есепті қанағаттанарлық дей отырып, ұсыныс айтты.
1.Интернет желісі әр үйге орнатылсын
2.Спорт ғимараты салынсын
Шешім:
1. Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес Талас негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемсінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.
2. Ж.Оспановтың 2017-2018 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі қанағатанаралық деп танылсын.








Хатшы: Ағыбаева.Ж


Похожие публикации:

09 ноябрь 2017 Төлқұжат
09 ноябрь 2017 Анатация