Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Талас негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2019-2020 оқу жылындағы мектеп директорының қамқоршы
ХХІ ғасырда мәдениетті елдің басын біріктіретін мәселелердің бірі де осы оқу ағарту саласы екендігі белгілі. Демек, тәуелсіздіктің туын жоғары ұстап, өркениеттің шарықтау шегіне жетудің басты шарты оқу - білімнің сапасын арттыру екендігіне күмән жоқ. Сондықтан, бір жақтан ұлттың қадір – қасиетін құрметтейтін Отан сүйгіш, ұлт жанды, саналы азаматтар – еліміздің қазына байлығы болмақ.
Жас ұрпаққа оқу – білім беру, оларды келешегіміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу, әр ұстаздың, әрбір мемлекеттік мекеменің ең қасиетті міндеттері. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Бүгінгі таңда келешекке, жетістікке тек білім мен біліктіліктің арқасында ғана жетуге болатыны кімге де болса белгілі. Осы мақсатта мемлекетімізде білім сапасы мен беделін арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.
Адам жан – жақты дамыған жағдайда ғана белгілі тұлғаға айналады. Мектептің педагогикалық ұжымының алдында сабақта және сабақтан тыс жүргізілетін жұмыс жүйесін оқу – тәрбие үрдістерімен байланыстыра отырып ғылыми деңгейге көтеру және танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімді, жан – жақты дамыған, Отанының әлеуметтік – экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын тұлғаны қалыптастыру, білім сапасын жақсарту, мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру.
Қазіргі өскелең ұрпақтың ақыл-ойына әсер ететін ақпараттар ағыны толассыз, сондықтан солардың ішінен өзіне керегін таңдап, пайдасына жаратып, оған өз көзқарасын білдіріп, тұжырымдар жасауға үйрету, сын тұрғысынан ойлау стратегияларын тиімді қолдана білу, қазақ халқының әдеп-ғұрпын, тарихын танып, білуге талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, оқушыларды Отанды, табиғатты, еңбекті сүюге, еңбек ете білуге тәрбиелеу ұстаздар қауымының негізгі мақсаты. Оқу-тәрбие үрдісінің ғылыми негізде басқару және бақылау - жалпы оқу үрдісінің ішкі механизмі болып табылады.Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес, мұғалімдер оқу проецестеріне сәйкес жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда 1,2,3,5,6,7,8,9 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұны мен оқытылуда. Мектептің сабақ кестесі бес күндікке көшірілген.
2019-2020 оқу жылын 50 оқушымен бастап 46 оқушымен аяқтады, оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 77,1 пайыз болды. Оқу озаттарының саны-10, оқу екпінділерінің саны-25 оқушы болды.
Қашықтық олимпиадаларға мектебіміздің мұғалімдері, ғылыми мекемелер тұрақты өткізіп тұрады. Олмипиадаға мектептің пән мұғалімдері Төлеген Нұрсұлтан, Сопбекова Гулзат, Батырбаев Газиз, және т.б мұғалімдер қатысып Алғыс хат иегері болды.
Оқушылардан да атап айтар болсақ Есмахамбет Нұрасыл аудандық ғылыми жобадан 1 орын иегері атанды, және Әміре Нұршуақ 3 орын иеленді.Тағы сол сияқты оқушылар Айтбек Сейітбек, Әбдіхалық Ақсұңқар, Шапантай Әділ, және т.б оқушылар қатысып 2 орын, 3 орын , Алғыс хат иегері атанды.
Бүгінгі таңда, күн көрісі төмен, көп балалы отбасынан шыққан,жартылай жетім оқушыларға 2018 жылдың қыркүйек айында Жалпыға бірдей білім беру қорынан берілетін ыстық тамақты ұйымдастыру.
Мақсаты: жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды мектеп формасымен қамтамасыз ету. Бізде жетім, жартылай жетім оқушылар жоқ. Сондықтан, ыстық тамақпен көпбалалы оқушылар мен аз қамтылған оқушылар қамтылуы тиіс деп шешілді.
Қысқа мазмұны: Мектеп бойынша 46 оқушы бар.17 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған, оның ішінде «Мектепке жол»акциясы аясында, демеушілер көмегімен 23000 теңге көлемінде 3 оқушыға көмек көрсетілді.
№ | Оқушының аты-жөні | Сыныбы | Мекен жайы | Ата-анасының аты-жөні | Саны | Бағасы | Көрсетілген көмек түрі |
1 | Айтбек Бекжан | 3 | Арал е/м | Тоқсейтов Қалдыбек Сарсеналиева Назгул | 2 | 4000 3000 3000 | Куртка Сумка Рубашка |
2 | Әміре Нұршуақ | 2 | Арал е/м | Қожабергенов Ардақ Садықова Фариза | 1 | 5000 4000 | Костюм, уюбка Куртка |
3 | Шахмарал Ақәділ | 2 | Арал е/м | Тулентаева Жадыра | 1 | 4000 | Спортивная форма Сумка |
23000 теңге
Бюджет есебінен 4 оқушыға көмек көрсетілді.
№ | Оқушының аты-жөні | Сыныбы | Мекен жайы | Ата-анасының аты-жөні | Саны | Бағасы | Көрсетілген көмек түрі |
1 | Әміре Нұршуақ | 5 | Арал е/м | Нұрғали Нұрлан Ергешбаева Ақжарқын | 2 | 4750 3718 3000 4750 3600 4500 | Полувер Брюки Рубашка Спортивная форма Куртка |
2 | Шапантай Олжас | 4 | Арал е/м | Сыздықов Самат Сопбекова Гүлзат | 2 | 3700 4550 3000 3650 | Туфли Куртка Сумка Юбки |
Шертай Диас | 4 | Арал е/м | 3 | 2000 5658 850 | Зимные шапки Школный сарафан Майка | ||
Әшімхан Нұрбатыр | 4 | Арал е/м | 3 | 4690 4330 2500 | кросовки футболки галустуки |
Міне осылардың барлығы қамқоршылық кеңесінің тарапынан, және бюджет есебінен көрсетіліп жатқан көмек деп түсінемін.
Талас негізгі мектебінде 2019-2020 оқу жылында Дайындық сыныбын қоспағанда 9 сыныптық комплект болды. Мектепте 17 мұғалім оқушыларға дәріс береді. Оның ішінде 14 мұғалім жоғары білімді, 5 мұғалім арнаулы орта білімді.Мектептегі жұмыс жасайтын кіші қызметкерлер саны 14 адам жұмыс істейді.
2020-2021 оқу жылындағы мектептің алдында тұрған негізгі міндеттері:
1. Еліміздің орнықты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету кепілі – білім сапасын арттыру.
2. Оқушыларды білім сапасын сырттай бақылауға тиянақты дайындау;
3. Барлық ұстаздардың ақпараттандыру техникалары мен технологияларын меңгеруін қамтамасыз ету;
4. Білім беру ұйымдарында тәрбие үрдісін басқаруды жаңарту-көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру;
5. Білім беру ұйымдарындағы ғылыми-әдістемелік қызмет деңгейін көтеру;
6. Дарынды және қабілетті балалармен жұмыс түрлерін жетілдіру арқылы, бәсекеге қабілетті білім беруді жүзеге асыру;
7. Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру;