Ақпарат - ОШ Талас http://talas.mektebi.kz/ ru Ақпарат - ОШ Талас DataLife Engine Көру қабілеті нашар адамдарға арналған экранды оқу жүйесі http://talas.mektebi.kz/main/120-kru-ablet-nashar-adamdara-arnalan-jekrandy-ou-zhjes.html http://talas.mektebi.kz/main/120-kru-ablet-nashar-adamdara-arnalan-jekrandy-ou-zhjes.html https://screenreader.tilqazyna.kz/​​​]]> https://screenreader.tilqazyna.kz/​​​]]> admin Tue, 20 Aug 2024 18:11:16 +0600 Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша "AMANAT 111" БІРЫҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ http://talas.mektebi.kz/main/119-otbasy-jelder-zhne-balalardy-ytaryn-orau-mseleler-bojynsha-amanat-111-bryaj-memlekettk-bajlanys-ortalyy.html http://talas.mektebi.kz/main/119-otbasy-jelder-zhne-balalardy-ytaryn-orau-mseleler-bojynsha-amanat-111-bryaj-memlekettk-bajlanys-ortalyy.html

]]>

]]>
admin Tue, 07 Nov 2023 10:12:55 +0600
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің марапаттауына ұсынылады http://talas.mektebi.kz/main/118-azastan-respublikasyny-ou-aartu-ministrlgn-marapattauyna-synylady.html http://talas.mektebi.kz/main/118-azastan-respublikasyny-ou-aartu-ministrlgn-marapattauyna-synylady.html
Бастауыш сынып мұғалімі
Еңбек өтілі: 29жыл
Білім: жыл
Санаты: педагог-зерттеуші
Мұғалімнің жеткен жетістіктері:
2016 жылы Талас ауданы білім бөлімі Алғыс қағазы.
2017 жылы «Алаш ұстазы» Республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік журнал дипломы.
2018 жылы Талас ауданы білім бөлімінің Құрмет грамотасы.
2018 жылы Талас ауданы әкімдігінің Құрмет грамотасы.
2021 жылы NIO-дан 1дәрежелі диплом .
2021 жылы CLEVER олимпиадасынан 1 дәрежелі диплом.]]>

admin Fri, 30 Jun 2023 00:58:22 +0600
«Ашық диалог» http://talas.mektebi.kz/main/114-ashy-dialog.html http://talas.mektebi.kz/main/114-ashy-dialog.html
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. http://m.egov.kz/survey/
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

Анонс

Уважаемые услугополучатели, Агентством Республики Казахстан
по делам государственной службы в целях определения уровня удовлетворенности качеством оказания государственных услуг в 2022 году проводится онлайн анкетирование на площадке «Открытый диалог». http://m.egov.kz/survey/
Просим принять активное участие в анкетировании.

admin Tue, 07 Jun 2022 12:01:35 +0600
Армысың, Әз Наурыз http://talas.mektebi.kz/main/30-armysy-z-nauryz.html http://talas.mektebi.kz/main/30-armysy-z-nauryz.html 1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар және ауыл тұрғындары! Бәріміздің көптен күткен Наурызымызда келді. Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған наурызда еңбектеріңіз өнімді,тілектеріңіз қабыл болып, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн бізідің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай 2019 жылды «Жастар» жылы деп жариялауына байланысты, осы жылда жастарымыз барлық қырынан өздерін көрсетеді деген үміттеміз. Ендеше Арал елді мекенінің жастарының ұйымдастыруымен өтетін, Талас негізгі мектебі дайындаған «Армысың, Әз Наурыз!» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам наурызға шақырамыз.
Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні, ата-баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы-бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан, 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен жаңа күн мерекесі. Олай болса бүгінгі «Армысың, Әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегін мектебімізідің директоры Оспанов Жаңабек ағайға береміз.
1-жүргізуші:
Шашу, шашу, көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жауын
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл-көсір! (шашу шашылады)

1-жүргізуші:
Алқа жұртым, той-думан
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!-деп « Майлықожаның Арнау » термесін Орынбаева Майраның орындауында қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса
Сонда олжалы жол болар- дей отырып ендігі сөздің кезегін ауыл әкімі Айтуов Рақымжан ағай мен ауыл ақсақалдары Шертай атамызға,

береміз.
1-жүргізуші:
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз
Ән салайық бәріміз дей- келе ендігі кезекті ауылымыздың келіндері мен, жас жігіттеріміздің орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Наурыз айы-шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы бойынша күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Жүріңіздер наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп. Назарларыңызға бүлдіршіндеріміздің орындауындағы «Ақ көгершін» биін ұсынамыз.
1-жүргізуші: Жаңа жылды Наурыздың 22-сін халық Ұлыстың ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, нұр жауды, туар жыл нұрлы болады,Наурыздың ақша қарындай деп әсем теңеулер айтып, ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады-деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған. Ендеше көрініс «Тұсау кесер»
1-жүргізуші:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғатта мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды-деп келесі кезекте «Оригиналсың» әнімен ортаға Шахмарал Жәнібекті шақырамыз.
1-жүргізуші:
Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке
Көрініс:
1-жүргізуші:
Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың
Әсем әнін тыңдайық!
Шертай Диастың орындауында «Осылай болама?» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен
Наурыз сән-салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
Олай болса келесі кезекте.
Көрініс:
1-жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн – Ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем
Ән:
1-жүргізуші:
Жарқырасын сұлу жондай жеріміз,
Асып тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің
Малға толып жатсын барқыт беліміз! Осымен дайындаған шағын мерекелік кешіміз аяқталды. Келесі наурызда аман –есен жүздескенше. Мереке құтты болсын! Қош сау болыңыздар. Барлықтарыңызды наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.]]>
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар және ауыл тұрғындары! Бәріміздің көптен күткен Наурызымызда келді. Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған наурызда еңбектеріңіз өнімді,тілектеріңіз қабыл болып, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн бізідің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай 2019 жылды «Жастар» жылы деп жариялауына байланысты, осы жылда жастарымыз барлық қырынан өздерін көрсетеді деген үміттеміз. Ендеше Арал елді мекенінің жастарының ұйымдастыруымен өтетін, Талас негізгі мектебі дайындаған «Армысың, Әз Наурыз!» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам наурызға шақырамыз.
Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні, ата-баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы-бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан, 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен жаңа күн мерекесі. Олай болса бүгінгі «Армысың, Әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегін мектебімізідің директоры Оспанов Жаңабек ағайға береміз.
1-жүргізуші:
Шашу, шашу, көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жауын
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл-көсір! (шашу шашылады)

1-жүргізуші:
Алқа жұртым, той-думан
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!-деп « Майлықожаның Арнау » термесін Орынбаева Майраның орындауында қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса
Сонда олжалы жол болар- дей отырып ендігі сөздің кезегін ауыл әкімі Айтуов Рақымжан ағай мен ауыл ақсақалдары Шертай атамызға,

береміз.
1-жүргізуші:
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз
Ән салайық бәріміз дей- келе ендігі кезекті ауылымыздың келіндері мен, жас жігіттеріміздің орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Наурыз айы-шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы бойынша күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Жүріңіздер наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп. Назарларыңызға бүлдіршіндеріміздің орындауындағы «Ақ көгершін» биін ұсынамыз.
1-жүргізуші: Жаңа жылды Наурыздың 22-сін халық Ұлыстың ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, нұр жауды, туар жыл нұрлы болады,Наурыздың ақша қарындай деп әсем теңеулер айтып, ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады-деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған. Ендеше көрініс «Тұсау кесер»
1-жүргізуші:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғатта мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды-деп келесі кезекте «Оригиналсың» әнімен ортаға Шахмарал Жәнібекті шақырамыз.
1-жүргізуші:
Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке
Көрініс:
1-жүргізуші:
Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың
Әсем әнін тыңдайық!
Шертай Диастың орындауында «Осылай болама?» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен
Наурыз сән-салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
Олай болса келесі кезекте.
Көрініс:
1-жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн – Ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем
Ән:
1-жүргізуші:
Жарқырасын сұлу жондай жеріміз,
Асып тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің
Малға толып жатсын барқыт беліміз! Осымен дайындаған шағын мерекелік кешіміз аяқталды. Келесі наурызда аман –есен жүздескенше. Мереке құтты болсын! Қош сау болыңыздар. Барлықтарыңызды наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.]]>
admin Mon, 21 Mar 2022 02:11:36 +0600
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла соңғы соңғы қоңырау http://talas.mektebi.kz/main/38-latan-n-ketpestey-syyrla-soy-soy-oyrau.html http://talas.mektebi.kz/main/38-latan-n-ketpestey-syyrla-soy-soy-oyrau.html 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін міне қызығы мен қиыншылығы мол әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі , оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын соңғы салтанаты.
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар! Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл- қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп алтын ұя мектептерімен қоштасқалы отыр. Бұл күн - мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық!
1-жүргізуші:Құрметті қонақтар! 2018-2019 оқу жылының соңғы қоңырау яғни «Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау»атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа, Қош келдің, айналайын, халқым менің!
1-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
2-жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл. эҚоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар! (Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады) Алдарыңызда 9 сынып оқушылары. Төлеген Нұрсана, Байжігіт Әли, Жарылқасын Нұрдәулет . Сынып жетекшісі Орынбаева Майра Абдрахманқызы .
1-жүргізуші. Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар. Егемен Қазақстанның туына қарап сап түзеңдер. (Болашақтың 2 оқушысы туды көтереді).
2-жүргізуші.
Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де,ерлік,өрлік,өнерде .
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге.

Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған. Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.
1-жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз, Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. Сөз берелік құрметпен өзіңізге, Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Оспанов Жаңабек Төлегенұлына беріледі.
1-жүргізуші:Жарылқасын Нұрдаулеттің орындауында «Туған ел» әні
2-жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп, құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.Есенгелді Асылай,Иманалиева Анель.Сынып жетекшісі жас маман Тілектес Ақерке.
1-жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай Айбас Балаусаны «Мерекем»әнімен қабыл алыңыздар
2-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарға беріледі.Оспанов Төлеген ата,Оспанов Жаңабек,Дуйсенбекова Ментай,Еспенбетов Көшер,Асанова Нағима,Искаков Жәлел,Оспанова Айнур.
1-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәңгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып –деп, түлектердің алғашқы ұстазы Тойшыбекова Мақпал Төлеуханқызына сөз беріледі
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Тоғыз жыл сыныбы үшін жанын салған,
түлектердің сынып жетекшісі Орынбаева Майра Абдрахманқызына және Керимбаева Зауре Жарасқызына сөз беріледі.
2-жүргізуші: Арман Дүйсеновтің әні: «Ұстазым » Ор:Байжігіт Әли
1-жүргізуші: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында. Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз. «9-сынып тілектері,тақпақтары,әндері»
«Мектебім» әні Төлеген Нұрсананың орындауында
2-жүргізуші:
Әркімді әр сұрақ жетелеп
Жолдарға салады әр тарау
Есіңде мәңгі қалар тек
Аспанда желбіреп көк жалау
Мектеп туын тапсыру салтанаты
Туды тапсырушы:Байжігіт Әли Т
Туды қабылдаушы:Есенгелді Сағи
2-жүргізуші:
Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 9-дың алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп, білімнің алтын кілтін бітіруші түлек, Төлеген Нұрсана 8-сынып оқушысы Айтбек Сейтбекке тапсырады. (Музыка әуенімен)
2-жүргізуші:Сап түзелсін,салтанатты жиыннан Қазақстан Республикасының Туы әкетілсін!
1-жүргізуші:
Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің
2-жүргізуші: Соңғы қоңырау. Қымбатты мектеп бітіруші түлектер! Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау. 1-жүргізуші:. Соңғы қоңырау соғу салтанаты 9 сынып оқушысы Жарылқасын Нұрдаулет пен 1-сынып оқушысы Есенгелді Асылайға тапсырылады.
/Қоңырау соғылады, дүр - дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп тұрады/
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау. «Соңғы қоңырау» әні Төлеген Нұрсана
2-Жүргізуші:
Бұл соңғы қоңырау үні...
Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау, Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.
1-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,Мемлекеттік емтиханды табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
2-жүргізуші: Осымен 2018-2019 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар»

]]>
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін міне қызығы мен қиыншылығы мол әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі , оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын соңғы салтанаты.

admin Mon, 17 Jun 2019 03:48:07 +0600
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла соңғы соңғы қоңырау http://talas.mektebi.kz/main/37-latan-n-ketpestey-syyrla-soy-soy-oyrau.html http://talas.mektebi.kz/main/37-latan-n-ketpestey-syyrla-soy-soy-oyrau.html admin Mon, 17 Jun 2019 03:44:51 +0600 Соңғы қоңырау http://talas.mektebi.kz/main/36-soy-oyrau.html http://talas.mektebi.kz/main/36-soy-oyrau.html
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің сценарийі).

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Қош келіпсіздер , құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар, енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сынып сатысынан орта буынға ұшқалы тұр.

Бесіктегі баланың күлгенін көрген бір мұрат,

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат,-

дегендей, бұл да бір қуанышты күн. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Ендеше осы шәкірттерімізді ортаға шақырайық. (Музыканың әуенімен балалар вальс билеп ортаға шығады).

Мұғалім: Той бүгін- кең сарайда шалқып тасқан,

Той бүгін – жұрт жиналып шашу шашқан,

Той бүгін- шат өмірді күйге бөлеп,

Би билеп, асқақтатып, әнге қосқан.

Бұл тойда жан табылмас тасымаған,

Ақ сәуле әрбір тұстан шашыраған,

Жұпарлы гүлге оранған осы тойдың

Иелері- аяулы шәкірттерім- ұл-қыздарым!

1-оқушы: Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

2-оқушы: Қош келдіңіздер, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамған,

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.

3-оқушы: Шаттанамын ,бүгін мен шаттанамын,

Ғылым сырын түсініп мақтанамын,

Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым –ай,

Түстей болып, міне, бүгін артта қалдың.

4-оқушы: Қоштасу тойы басталды,

Ән мен биге бастайық,

Өнерімізді көрсетіп,

Әнмен шашу шашайық.

5-оқушы: Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарқын шырағы,

Тұрағы өзің мектебім

Шәкірттің асыл қырағы.

6-оқушы: Өнерге ошақ тәрбиең

Бір сенен қуат аламын,

Жарылқашы, тәңір ием

Таудай ғой менің талабым.

7-оқушы: Мектебім- менің бапкерім.

Қарызбыз саған бәріміз,

Өзіңе деген парызды

Ақтармыз талай әлі біз.

8-оқушы: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,

Өз қолыммен Әліппені алғаным,

Санай ашып Әліппенің парағын,

Әріптерге үнсіз, ұзақ қарадым.

9-оқушы: Тастаттың да үйге еркелік, ойынды

Мектеп-ана биіктеттің бойымды,

Икемі жоқ қолға қалам ұстатып,

Түзеткенсің жолымды да, бойымды.

Мектеп-ана, ұстаз-пана екенін,

Сенен ұққан, алтын бесік мекенім,

Сол пейілді көрмегенде ешкімнен,

Түсінемін ұлылықтың не екенін.

Жылылықтың сиясы бар сөзінде,

Ұлылықтың ұясы бар көзінде,

Ойын қуған еркелерден ой іздеп,

Тентектігін алып қалған өзіңде.

10-оқушы: Арманым сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің,

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

«Мектебім менің» әні.

Мұғалім: Ғалым да, батыр да, ақын да, диқан да, көк күмбезін шарлаған ғарышкер де, ақ халатты абзал жан дәрігер де, мал баққан шопан да бәрә-бәрі ұстаздан тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адамзат құрметпен бас иеді.
«Ұстазым»әні.

«Соңғы қоңырау» әні.

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен балаларға тілек айтар қонақтар- деп, келесі сөзді қонақтарымызға береміз.

Сөз кезегін мектеп директоры Ж.Оспановқа береміз

оқу-ісінің меңгерушісі Н.Байтоковқа сөз.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Батырбаевқа.
Ата-аналарға сөз.

Мұғалімдерге сөз.

Оқушыларға, ата-аналарға марапат қағаздарын тапсыру.

Мұғалім: Бастауыш сынып білімі- бар білімніңи іргетасы, тірегі. Ендеше осы алған білімдеріңді пайдаға асырып, үлкен табыстарға жетіңдер. Тәуелсіз еліміздің тірегі боп өсіңдер дей отырып, мына өлең жолдарын сендерге арнаймын:

Балғындар, құтты болсын қадамдарың,

Жарқын болсын білімдегі болашағың.

Аттағалы тұрсыңдар бүгіндері,

Білімнің екінші бір баспалдағын.

4 жыл да міне, теп-тез өткерді,

Білім жолда өтті талай өткелді,

«Әліппені», «Ана тілін» үйреткен,

Ұстазбенен қоштасатын сәт келді.

Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғаңдар,

Білім жолы сара жол,

Ізденіңдер талмаңдар.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! «Бастауышым-балбұлағым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып, тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

admin Mon, 17 Jun 2019 01:30:01 +0600
1 мамыр http://talas.mektebi.kz/main/29-1-mamyr.html http://talas.mektebi.kz/main/29-1-mamyr.html Бекітемін
Мектеп директоры
_____Ж.Т.Оспанов
«__» __ 2019 жыл

Талас негізгі мектебінде 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күніне өткізілетін іс-шаралар жоспары
№ Іс-шара атауы Іс-шара түрі Мерзімі Жауаптылар

1 «Қазақстан –халықтар достығының мекені» сынып сағаты 22.04.2019 ж Сынып жетекшілер
2 «Мың бір мақал» Сайыс 2-4 сынып оқушылары арасында 23.04.2019 ж Бастауыш сынып бірлесітігі.
Кызылборикова Г
3 «Қазақстан –достық мекені интелектуалдық сайыс 6-9 сынып оқушылары арасында 24.04.2019 ж Төлеген Н
4 «Басты байлық-бірлік» сурет салу 4-6 сынып оқушылары арасында 25.04.2019 ж Сопбекова Г
5 «Ынтымағы жарасқан көпұлтты Қазақстан» тәрбие сағаты 4 сынып 26.04.2019 ж Дуйсенбекова М
6 «Бір ел-бір тағдыр» сынып сағаты 29.04.2019 ж Сынып жетекшілер
7 «Бір шаңырақ астында» Мерекелік кеш 30.04.2019 ж Тулентаева Ж

Орындаған:Г.Батырбаев

]]>
Бекітемін

admin Wed, 22 May 2019 02:03:15 +0600
Ұстаздар күні http://talas.mektebi.kz/main/18-stazdar-kn.html http://talas.mektebi.kz/main/18-stazdar-kn.html атты мерекелік жиын
І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –

І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулықнұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың Нұрсана.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

І жүргізуші: Иә, Нұрасыл.Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты.Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.

І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

І жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін мектебіміздің директоры, ұлағатты ұстаз Оспанов Жаңабек ағайға сөз береміз.
І жүргізуші: « Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын 3-4 оқушысы Айнабек Әкімтарази мен Шертай Дияс. Қабыл алаңыздар.
ІІ жүргізуші: Ұстаз ана - болашақтың анасы,
Ұстаз ана - ақыл-білім панасы,
Жүзіндегі пәк мейіріміді көргенде
Әр шәкірттің оянады санасы
Келесі тамашалайтындарыңыз әдеби мантаж. Орындайтын 3,4,5,6-сынып оқушылары
І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне көрініс «Мектеп туралы».
І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ардагер ұстаз Дания апайға береміз. Рахмет, апай!

ІІ жүргізуші: Келесі сіздер үшін оқушылардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.Тілек.
І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Нұрсана менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.

ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңыздың себебі неде?
І жүргізуші: Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.

ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
ағай, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек. Келесі кезекте Әміре Айғанымның орындауында ән «Ақ көгершін». Қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі кезекте тамашалайтындарыңыз әдеби монтаж.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнім деп келесі сіздер үшін
Айбай Балаусаның орындауында ән «Мектебім» .
І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын дей келе сіздер үшін көрінс КВН. Қоюшы 9- сынып оқушылары. Қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

І жүргізуші: Нұрсана , ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, Нұрасыл.
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
І жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігін кезекте залмен ойын. Ұйымдастырушы 9 сынып оқушысы Байжігіт Әли. Қарсы алайық.
ІІ жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.

І жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !

ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар !
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

« Ұстаз аты- биік, әрі мәңгілік» кешінен көрініс

]]>
атты мерекелік жиын

admin Mon, 15 Oct 2018 05:31:32 +0600